⚜️⚜️«Әжемнің ертегісі» атты облыстық онлайн байқауында әжелеріміз 2 орынға ие болды
2022 жылдың 19 тамыз күні «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясында, Маңғыстау облыстық Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» «Рухани жаңғыру» бағдарламасын басқару бөлімінің жылдық іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Әжемнің ертегісі» атты облыстық онлайн байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты:
Балаларды рухани құндылықтарға, қазақы дәстүрге, отансүйгіштікке, тәртіпке, жалпы жақсы қасиеттерге баулу.
Халқымыздың асыл мұрасы – ауыз әдебиеті ертегілерін әжелердің немерелеріне айтуды насихаттау арқылы балаларды ертегіні тыңдауға, айтуға үйрету.
Әжемнің ертегісін тыңдай отырып, отбасылық жылылықты, бақытты сәттерді сезіне білуге, ата дәстүрді ұлықтау, жаңғырту, қазақ халқының ертегілерін баланың бойына сіңіре білуге тәрбиелеу.
#балаларжылы2022
#әжелер
#құндықазынаәжелерклубы
#оқуғақұштармектеп
@mangystau_education
@munaily_bilim
@sherraisa