Бүгін қазақтың ұлы ақыны – Абай Құнанбаевтың күні! Биыл Ұлы ақынымыздың 177 жылдық мерейтойы. Абай мұрасы – халқымыздың руханиятын әлемге танытатын теңдесі жоқ құндылық. Оның әділдік, адалдық, адамгершілік идеяларына негізделген, тағылымы мол шығармашылығы – қазақ әдебиетінің жауһары.
⠀
Сөзі – қазақтың бойтұмары, мұрасы – қазақтың қазынасына айналған Абай халқымызды Отан сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиеледі. Ал туған жерге деген құрмет – жақыныңа көрсеткен қамқорлықтан бастау алады. Баршамызға ортақ Абай күнімен сіздерді шын жүректен құттықтап, әрбір отбасыға құт-береке, ырыс-несібе тілейміз!
@mangystau_education
@munaily_bilim
@munaily_adistemelik
#2022балаларжылы👭👬
#Абайкүні2022
#АбайҚұнанбайұлы177жыл
#Оқуғақұштармектеп
