Бүгін, яғни 16.11.22ж күні №2 жалпы білім беретін мектебінде “20 қараша – Халықаралық балаларды қорғау” он күндігі облыстық деңгейде өткізу бойынша жасақталған жоспар негізінде “Тәртібің мен құқығың- тұлғалықтың айнасы” тақырыбында Мұнайлы ауданының прокуратурасының прокуроры Болатбаев Нұрлан Қуатұлымен және “Заң және жасөспірім” тақырыбында мектеп инспекторы Н.Тәжібаевамен кездесулер ұйымдастырылды.
Кездесудің мақсаты: Окушылардың адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адам құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру.
