Skip to content

“Діни экстремизм және терроризм” тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтті. 2022 жылдың…

"Діни экстремизм және терроризм" тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтті.

2022 жылдың 14 қазан күні мектебімізде "Мұнайлы аудандық ішкі саясат бөлімінің жанынан құрылған ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Қажымұқан Бектуров, "Отпан" ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығының маманы Дәуіт Жайшылықов, Қызылтөбе ауылдық округінің "Әл-Хаким" мешітінің ұстазы Айдар Орашовтың қатысуымен "Діни экстремизм және терроризм" тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтті. Шараға мектеп оқушылары мен ұстаздар қатысты. Жиналыстың негізгі мақсаты деструктивтік діни ағымдар мен терроризмнің алдын алу жолдарын түсіндіру болатын. Аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша "Отпан" ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығымен дайындалған таратпа қағаздары (брошюра) таратылды. Жиын соңында оқушылар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, оларға жауаптар алды.

@munaily_ishki.sayasat
@munaily_bilim

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *