Skip to content

Ел болашағының тізгінін ұстайтын жас ұрпақ – мемлекетіміздің басты құндылығы.…

Ел болашағының тізгінін ұстайтын жас ұрпақ – мемлекетіміздің басты құндылығы. Олардың толыққанды білім алып, саналы азамат болып қалыптасына ықпал ету – басты міндет.
Осыған орай, жаңа оқу жылының қарсаңында жыл бойы жалғасын табатын «Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында «№2 жалпы білім беретін мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде акция жұмыстары жүргізілуде. 2024-2025 жаңа оқу жылында ұйымдастырылған «Мектепке жол» Республикалық акциясы «Мектепке жол – Жақсылық жаса» ұранымен өткізілгелі жатыр. Акция 01 тамыз бен 30 қыркүйек аралығын қамтитын болады. Аталмыш акцияның басты мақсаты – әлеуметтік мәртебеге ие отбасынан шыққан, ата – ана қамқорлығынсыз қалған оқушыларға материалдық тұрғыда көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу болып табылады.
Жақсылық жасау – күн шуағындай адам жүрегін нұрға бөлейді. Ал, балаға қуаныш сыйлау бақыттың биік шыңы. Осы орайда акция аясында мектеп оқушыларына көмек көрсетіп қол ұшын созуға шақырамыз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *