Ел болашағының тізгінін ұстайтын жас ұрпақ – мемлекетіміздің басты құндылығы. Олардың толыққанды білім алып, саналы азамат болып қалыптасына ықпал ету – басты міндет.
Осыған орай, жаңа оқу жылының қарсаңында жыл бойы жалғасын табатын «Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында «№2мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жұмыс жүргізілуде. 2025-2026 жаңа оқу жылында ұйымдастырылған «Мектепке жол» Республикалық акциясы « Жақсылық жаса! » ұранымен өткізіліп отыр. Акция 01 тамыз бен 30 қыркүйек аралығын қамтитын болады. Аталмыш акцияның басты мақсаты – әлеуметтік мәртебеге ие отбасынан шыққан, ата–ана қамқорлығынсыз қалған оқушыларға материалдық тұрғыда көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу болып табылады.
«Мектепке жол» Республикалық акциясы әлі де жыл бойы жалғасын табады және оқушылардың әлеуметтік жағдайы басты назарда болады. Осыған байланысты мектебіміздің әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушылардың ата-аналарына және акцияға үлес қосып, демеуші болам деген тұлғаларға мектеп әкімшілігіне жолығуларын өтінеміз.
Жақсылық жасау –  күн шуағындай адам жүрегін нұрға бөлейді. Ал, балаға қуаныш сыйлау бақыттың биік шыңы. Осы орайда акция аясында мектеп оқушыларына көмек көрсетіп қол ұшын созған әрбір демеушілерге тағы да шексіз алғыс білдіреміз.

