Қазақтың ұлттық ойындары – халқымыздың
мәдени асыл мұрасы. Тоғызқұмалақ, Асық ойындары.
Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа
меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе. Қай халықтың
болмасын, оның ұлттық ойындарының белгілі бір мақсаты мен әлеуметтік психологиялық тұрғыдан ерекше қасиеттері болады. Тоғызқұмалақ — қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой ойыны.
Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды .Асық ойындары — Қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі.
Ұлттық ойындары көбінесе әр халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына,шаруашылық мүмкіншіліктеріне байланысты қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген.Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлт ойындары да осыған икемделеді. Әсіресе,қойды көп өсіргендіктен, балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты болып келеді.
@munaily_adistemelik
@mangystau_education
@mangistau_umco
@munaily_kyzyltobe
#Наурызмейрамы
#Амалмерекесі
#Көрісукүні
#Амалкелдіжылкелді🌷🌷🌷🌷
