Skip to content

🛑 Құрметті ата-ана! “№2 жалпы білім беретін мектеп” КММ-сі 2024-2025…

🛑 Құрметті ата-ана!
"№2 жалпы білім беретін мектеп" КММ-сі 2024-2025 оқу жылына мектептің жалпы оқу қорынан бөлінетін қаржылай көмекке өтініш қабылдау 04.07.2024ж басталатындығын қаперіңізге береді.
🛑 Қаржылай көмек алуға құқылы отбасылар:
1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасынан шыққан балалар (АСП);
2. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққанда күн көріс деңгейі төмен отбасынан шыққан балалар;
3. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, басқа отбасында тұратын балалар;
4. Төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасынан шыққан балалар;
5. Білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар;
🛑 Қажетті құжаттар тізімі:
1. Өтініш білдіруші ата-ананың құжаты көшірмесі;
2. Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ, ЭЦП)
3. Мектепте оқитын балалардың туу туралы куәлік көшірмесі;
4. Неке куәлігінің немесе форма4 көшірмесі;
5. Халық банктің 20 санды счет нөмері.
🛑Өтініш қабылдау уақыты 09:00-16:00.
Түскі үзіліс уақыты 12:00-14:00
Барлық сұрақтар бойынша әлеуметтік педагог Қайпназарова Набира
Ватсап нөмері арқылы: 87771766379

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *