📣Құрметті ата-аналар!
Бірінші сыныпқа құжаттар қабылдаудың аяқталуына 12 күн қалды.
Бұл процесс ыңғайлы болу үшін құжаттарды қабылдау egov.kz электронды үкіметі арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар мектептер құжаттарды қағаз түрінде де қабылдайды.
Қажетті құжаттар тізімі:
Ата-ананың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар), баланың туу туралы куәлігі(сәйкестендіру үшін), бала денсаулығы паспорты 026 нысаны бойынша, денсаулық жағдайы туралы құжат 063 нысаны бойынша және ¾ көлеміндегі 2 фото.
Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.