📣ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің “Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы” 2016 жылғы 14 қаңтардағы N26 бұйрығына сәйкес, білім алушылардың мектеп формасының үлгісі, түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады, үшеуден асырмай түстерді араластыруға рұқсат етіледі. Мектеп формасының түсі қалыпты және ашық емес түстерден таңдалады.
– Ұлдардың КҮНДЕЛІКТІ МЕКТЕП ФОРМАСЫ: пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
– Қыздардың КҮНДЕЛІКТІ МЕКТЕП ФОРМАСЫ: пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
– Ұлдардың МЕРЕКЕЛІК ФОРМАСЫ күнделікті формаға қосымша ақ жейдеден, қыздар үшін ақ түсті блузкадан құралады.
– Ұлдар мен қыздарға арналған СПОРТТЫҚ ФОРМА спорттық костюмнен (спорттық шалбар, куртка, футболка), спорттық аяқ киімнен (крассовка, кеды) тұрады.
– Мектеп формасына классикалық пішіндегі мектеп формасының негізгі түсіне сәйкес немесе кереғар келетін галстук тігіледі.
Мектеп формасының түсін, фасонын таңдауды және юбканың ұзындығын орта білім беру ұйымы мен қоғамдық кеңес айықындайды, жалпымектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі. Мектеп формасына өзгерістер енгізу туралы шешім қоғамдық кеңеспен келісу арқылы қабылданады.
Орта білім беру ұйымының басшысы және қоғамдық кеңес (мектеп кеңесі, қамқоршылық кеңес, ата-аналар комитеті) міндетті мектеп формасын енгізу кезінде жоғарыда аталған талаптарды басшылыққа алады.
Ата-аналар және өзге заңды өкілдер білім алушылардың орта білім беру ұйымында белгіленген мектеп формасын киюіне жауап береді. Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер мектеп формасы туралы мәселелерді талқылауға қатысады және оны жетілдіру бойынша ұсыныс енгізеді, оны кез келген сауда желісінен сатып алады.
@mangystau_education
@munaily_bilim
@tashovmadi