Қымбатты аналар!🌸🌸🌸
Ұйқысыз өткен әр түніңізге, жүрек тербеген әрбір жылы сөзіңізге, ақылыңыз бен төзіміңізге мың алғыс! Өмір жолдарыңыз шаттық пен баққа толып, ұл-қыздарыңыз арқа сүйер мақтаныштарыңыз болсын. Сіздерге деген махаббат пен құрмет мәңгілік шуағын төге бергей!
🌸Аналар күні – жан дүниенің ең терең қырларын қозғайтын, жүрекке шуақ сыйлайтын ерекше мереке.
🌸Қазақ халқының рухани-мәдени болмысында аналық қасиет қашанда қастерлі ұғым ретінде дәріптелген. Ана бейнесі – өмірдің нәрі, рухтың бастауы, ұлттың темірқазығы. “Ана”, “Ана тілі”, “Жер ана” секілді қасиетті сөздер халықтың санасында терең орнығып, ананы күллі тіршіліктің өзегі ретінде бағалайтынын білдіреді.
🌸Бұл күн ананың әр адамның өміріндегі, оны тәрбиелеудегі, отбасылық құндылықтарды нығайтудағы және қоғамды қалыптастырудағы айрықша маңызды екенін көрсетеді.
🌸Әлемнің жарығын сыйлаған аналарымызға денсаулық, амандық, бақ-береке тілейміз.
Мереке құтты болсын!
#AlgysAnama
#SpasiboMame
#AnagaQurmet
#ДеньМатериа