Skip to content

Қызыма тілек ! Қызым менің, гүлім менің! Ғаламның ғажап жаратылысы.…

Қызыма тілек !
Қызым менің, гүлім менің!
Ғаламның ғажап жаратылысы.
Менің өмірімде сенің болғаның қандай жақсы.
Сен менің қуанышымсың
Сен көркемсің.
Сен сондай сүйкімдісің!
Сен әдемісің,
Сен ерекшесің,
Сен ғажапсың,
Сені ғалам сүйеді,
Сенімен планета әдемі,
Сен мейірімсің!
Сен МАХАББАТсың
Сен жарқыраған жарықсың!
Жарығым менің,
Әр басқан қадамың гүлденсін!
Көңілің әрдайым көтеріңкі болсын!
Күлкіңнен маржан төгілсін
Қалағаның алдыңа өзі келсін!
Бойыңды таза,тік ұста!
Ойыңды биік ұста!
Сен Әлемнің бар ғажайыбына лайықсың,
Сен өзің бір ғажап ғаламсың,
Сені бүкіл ғалам жақсы көреді
Ғаламмен үйлесімде бол!
Өзіңмен үйлесімде бол!
Өз қадіріңді қастерле!
Сен текті қазақ қызысың.
Есіңде сақта!
Қазақ қызы әрдайым еркін болған.
Сондықтан, еңсеңді көтеріп жүр.
Қадіріңді біліп құрметтейтін жандармен дос бол!
Тегіңдегі асыл қасиеттерді оят!
Жаныңа тек жақсыларды жина!
Ісің сөзіңе сай ірі болсын!
Өзіңе сен,
Өзіңді игер,
Өміріңді игер,
Тізгініңе мығым бол!
Сен қымбатсың,
Сен асылсың,
Рухың шаттанып ,
Жаның рахаттанып
Тәнің тойып,
күлімдеп жоғары толқында жарқырап жүр!
Өмірің мәнді маңызды болсын!
Ғұмырлы бол!
Ата-анаңның көз қуанышы,
мақтанышы бол!
Қадірлі бол,
Құрметті бол,
Өзіңді сүй,
Әлемді сүй,
Ішкі үніңді тыңда!
Әрдайым бар бол,бай бол,қуатты бол!
Біз сені шексіз жақсы көреміз
Сені шексіз махаббатпен жаратты.
Рухың биік болсын!
Жолың әрдайым ашық болсын!
Жүзің әрдайым жарқын болсын!
Көңілің қуанышқа толып,құшағың гүлге толып сыйлы бол!
Абыройлы бол, берекелі бол, бақытты бол!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *