📚👨🏻💻"Мамандықтар әлемін ашамыз» мектепішілік онлайн байқауы
1. Жалпы ереже
✓ Байқауды өткізу мерзімі және орны
✓ Байқау 2023 жылғы 19 қаңтар күні өткізіледі.
Байқауға қатысушылардың жұмыстары 2023 жылғы 18 қаңтарға дейін aidyn1892@mail.ru электрондық поштаcына қабылданады
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
➢ «Осындай мамандық бар» номинациясы
– Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасында сұранысқа ие және қажетті мамандықтардың презентациялар байқауы.
➢ «Мамандық кеше, бүгін, ертең» номинациясы бойынша видеовлогтар байқауы (бейне әңгіме),нақты мамандық бойынша әлеуметтік желілерге арналған видеовлог.
Байқау материалдарына талаптар: бұл номинация мамандықты бағалауда әр түрлі көзқарастың болуын, зерттеу дағдыларын: бұқаралық ақпарат құралдарындағы мақалаларды талдау, сауалнама жүргізу, сұрау, сұхбат жүргізу және т.б. қолдануды көздейді.
Видеовлогқа қойылатын жалпы талаптар: байқау тақырыбына сәйкес келетін кез келген қолжетімді құралдармен түсірілген (жасалған) оқыту және ойын-сауық сипатындағы видеороликтер ұсынылады.