Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасының
"Қоғамдық келісім" КММ "Рухани жаңғыру" бағдарламасын басқару бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, "Ұлттық рухани жаңғыру" ұлттық жобасы аясында "Ару еркем- бұрымымен көркем" атты бұрымды қыздарға арналған 8-11 сынып оқушылары арасында өткен онлайн байқауының нәтижесінде мектебіміздің 8 "Ә"-сынып оқушысы Смет Назерке жүлделі III-орынға ие болды және 15000 теңге сертификат табысталды, 11"Б"-сынып оқушысы Қазақ Фарида жүлделі II-орынға ие болып, 20000теңге сертификат табысталды. Қыз баланың биязылығы мен сымбатының көрінісі болған қолаң шашты, бұрымды қыздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!
