Skip to content

Маңғыстаулық ұстаз – «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағына ие болды…

Маңғыстаулық ұстаз – «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағына ие болды

Бүгін, 1 қазан күні Мемлекет басшысы мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтап, ұстаздар қауымына зор құрмет білдірді.

Марапат иелерінің қатарында Маңғыстау облысының ардагер ұстазы Ванов Қуантқан Рзаұлы бар. Ол «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағына ие болды.

Қуантқан Рзаұлы – саналы ғұмырының 45 жылын білім саласына арнаған тәжірибелі педагог. 30 жыл бойы Маңғыстау ауданындағы Есір Айшуақұлы атындағы орта мектепте математика пәнінен сабақ беріп, кейін 18 жыл бойы облыстық мұғалімдер білімін арттыру институтында әдіскер, бөлім басшысы, орталық жетекшісі қызметтерін атқарды.

Ол – Қазақстандағы алғашқы математика оқулықтарының бірі «Математика-5» (1993), «Математика-6» (1994) еңбектерінің авторы. «Маңғыстау әдіскері» баспасының редакторы. Ұзақ жылдар бойы математиканы оқыту әдістемесін жетілдіріп, жаңа тәсілдер енгізді. Оның жаңашыл тәжірибесі республика көлемінде қолдау тапты.

Сонымен қатар, ұстаз шығармашылықпен де айналысып, көптеген әндердің авторы атанды. Оның «Ұстаздар әні», «Жас ұландар жыры» сияқты әндері бүгінде өңір ұстаздары мен оқушыларының гимніне айналған.

Қуантқан Рзаұлы – Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері, түрлі мемлекеттік наградалардың иегері, Маңғыстау ауданының Құрметті азаматы.
#маңғыстауоблысыныңбілімбасқармасы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *