МЕКТЕБІМІЗДЕ БҮГІН КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ.
Конституция – Тәуелсіздік тірегі. 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда жаңа Конституция жобасы қабылданды. Жыл сайын республикада бұл күн мемлекеттік басты мерекелерінің бірі ретінде аталып өтіледі. Сонымен қатар тәуелсіздік жылдары Қазақстанның Конституциясы бірнеше рет толықтырып, 1998, 2007, 2011 және 2017 жылдары өзгерістер енгізілді.
Конституция күніне орай, мектебімізде жұмыс күні мемлекеттік Әнұран айтумен, ұстаздарымыздан құрылған Хордың "Туған жер" әнін орындаумен басталды.