Мектебіміздің құрылғанына 39 жыл толуына орай, оқушылар арасында “Квест” ойыны өткізілді. Ойыншының негізгі мақсаты қатысушыларды тапқырлыққа, шапшаңдыққа, сонымен қатар білім деңгейлерін ойын арқылы көрсетуге бағытталған. Ойын барлық пән бойынша сұрақтармен қамтылды. Соның ішінде мектебіміздің тарихы, алтын ұямыздың беделді тұлғалары туралы негізгі сұрақтар мен тапсырмалар берілді. Оқушылар белсенді қатысып, жоғары ұпай жинаған топтар марапатталды.
1-орын 11”ә” сыныбы “Болашақ” тобы
2-орын 9 сынып “V” тобы
3-орын 10”б” сыныбы “Қара қасқырлар” тобы
