“Оқуға құштар мектеп” жоспары аясында 21-ғасырдың өзекті мәселелерінің бірі жастардың кітап оқуы. Қазіргі таңда заманымыз телефонға тәуелді. Гаджет, смартфон, ұялы байланыс құралдарсыз өмірімізді елестету тіптен қиын. Кітап – білім нәрі, таусылмас қазына беретін рухани дүние. Кітаптың жақсысы не жаманы болмайды. «Мұқабасына қарап кітапты сынама» немесе «Сыртына қарап ішін сөкпе» деген сөздер оған дәлел. Қаншалықты мұқабасы нашарлау көрінгенімен, ішіндегі берер байлығы шексіз болуы мүмкін. Рухани қорек – адамзаттың дамуына әсер ететін үлесі зор аспектілердің бірі.
