ӨСЕР ЕЛ-ТАРИХЫН ТАСПЕН ЖАЗАДЫ
Мектебіміздің 2020-2021 оқу жылының түлегін қазіргі таңда Әл-Фараби атындағы ҚазҰҮ филология және әлем тілдері факультетінің 1 курс студенті Әндір Жарасқан Нұрбердіқызы – өз өлкесінің тарихын тануға тылпынып жүрген жастардың бірі. Жарасқан бірге оқитын курстасымен өздерінің ғылыми жетекшісі Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры Ғылыми жетекші Қозыбақова Фатима Ақынбайқызының бастауымен зұлмат жылдардағы саяси қуғын-
сүргін құрбандарының тағдырлы тарихын зерделеп жүр. Жас тілшілердің ғылыми ізденіспен жазған мына бір мақаласын аудан газетінің «Жазықсыз жапа шеккендер» айдарына жарияланған екен.
Мақалада былай делінген:
«Аулақпын дерегі жоқ болжамдардан,
Әр жұртта ұмытылып олжаң қалған. Жамағат, біздің тарих – алтын шынжыр, Әр жерден жиі үзіліп – көп жалғанған»
– демекші, бүгінгі тәуелсіздігімізге кешегі тари- хымыздың арқасында қол жеткіздік десек, артық айтпағанымыз болар. Өткен ғасырда Кеңестік үкіметтің қол астында өмір сүрген халықтар, оның ішінде қазақ елі неше түрлі тар жол, тайғақ кешулерді бастан өткерді. Айту да, есту де қиын, алайда 1935-1938 жылдар аралығында еліміздің елеулі азаматтары жаппай қуғын-сүргінге ұшырап, жазалау шараларына тап болды. Дәл осы қуғын-сүргіннің қазақ мәдениеті мен ұлттық болмысымызға тигізген зардабы өте ауыр еді. Бұл жылдары қазақ зиялыларына қарсы бұрын мүлде болмаған шабуыл жасалынды. Большевиктер зиялыларды қудалап, көздерін жою саясатын ұстанды, халықтың басына төнген бұл зұлматтың салдарынан ұлтымыз қаншама ардақтыларынан айырылды. Тоталитарлық жүйенің Қазақстанды сан мыңдаған саяси қуғынға ұшырағандардың жазалау аумағына айналдырғаны айтпаса да,түсінікті.
@munaily_bilim
@mangystau_education
#балаларжылы2022🇰🇿