Skip to content

Өткен ХХ ғасыр қазақ халқының тарихында ұлы оқиғалармен есте қалады.…

Өткен ХХ ғасыр қазақ халқының тарихында ұлы оқиғалармен есте қалады. Сол оқиғалардың ішінде «мың өліп, мың тірілген» халқымыздың басынан өткен 1930-1938 жылдар ауыр да азапты кезең болды. Өткенге ой жіберіп, осы күнге жете алмай, армандап өткен асыл ағаларымызды еске алу, ұмытпау – әрбір ұрпақтың парызы. Ақиық ақын М.Мақатаев:
Біздер мына дәуірменен бірге өстік,
Қарап соның қабағына күн кештік.
Уақыттың үніменен тілдестік,
Уақыттың көшіменен бір көштік.
Біз жараттық мынау ғажап ғасырды,
Тарихы оның біздерменен ашылды,
Біздің мына қолтаңбамыз басулы,
Құрметтендер жиырмасыншы ғасырды! – деп өзі өмір сүрген ғасырға осылайша баға береді.
Өркениетті қоғамға қадам басқалы тұрған   ел үшін ел басынан өткен ауыр нәубет жылдардың оқиғаларынан сабақ алу – өте қажетті іс. Елбасының жарлығымен 31 мамыр саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жариялануы – ұрпақ мойнына жүктелер парызға деген адамдықтың жарқын көрінісі.

Өткізген тарих пәні мұғалімдері Бассир Андыз және Дантаева Камшат

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *