Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары бойынша мектеп директоры Б.К Суюнов, мектеп әдіскері Г.А Мунатова түсінік жұмысын жүргізді. Қатысқан мұғалімдер саны – 117. Жалпы ережелер мен аттестаттаудан өткізу тәртібі атап өтілді. Сонымен қатар біліктілік санатын беру (растау) шарттары мен тәртібі және білім беру ұйымдарының оқу кабинеттерінің басшыларын, басшылардың орынбасарларын аттестаттау шарттары мен тәртібі де аталды.
Өтпелі кезеңде –Платформа жұмыс істей бастағанға дейін педагогтерге біліктілік санатын беру(растау) шарттары мен тәртібі таныстырылды.
