🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Тәуелсіздік – бұл әр елдің өз алдына дербес мемлекет болып, еркін өмір сүруі. Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздігін жариялады. Бұл күн – халқымыз үшін ең маңызды әрі тарихи күндердің бірі.
Тәуелсіздікке қол жеткізу оңай болған жоқ. Қазақ халқы ғасырлар бойы еркіндік пен азаттықты армандады. Ата-бабаларымыз ел мен жерді қорғап, болашақ ұрпақ үшін күресті. Сол арман 1991 жылы орындалды.
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан өз Туы, Елтаңбасы, Әнұранын қабылдады. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып бекітілді. Елбасымыздың бастамасымен жаңа астана салынып, еліміз дамудың жаңа жолына түсті.
Бүгінде Қазақстан – бейбітшілікті сүйетін, көпұлтты, тәуелсіз мемлекет. Біз тәуелсіз елдің ұрпағы ретінде Отанымызды сүюге, білім алып, елге қызмет етуге міндеттіміз.
