📚 Тобанияз Әлниязұлының 150 жылдығына арналған танымдық сағат өтті.
21 қазан күні мектеп қабырғасында Алаш қайраткері, би, батыр Тобанияз Әлниязұлының туғанына 150 жыл толуына орай 11 “Ә” сыныбында танымдық сағат ұйымдастырылды.
🔹 Іс-шара барысында қатысушыларға Тобанияз батырдың өмір жолы, ел үшін атқарған қызметі жайлы мол мағлұмат ұсынылды.
🔹 Деректі материалдар, слайд-презентациялар мен бейнероликтер көрсетілді.
🔹 Оқушылар жүрек жарды өлеңдерін оқып, баяндамаларымен бөлісті.
✨ Танымдық сағат жас ұрпаққа ұлттық рухты сіңіріп, тарихи тұлғаларымызды танытуға бағытталды.
📌 Тарихын таныған елдің болашағы жарқын!
#ТобаниязӘлниязұлы150жыл #ТарихТұлғалары #РуханиЖаңғыру #ҰлтҚаһарманы #ТанымдықСағат
