"Ұстаз", "мектеп" екеуі де бір ұғым.
Биік болсын көтерілсін білімің.
Шын жүректен құттықтауым сіздерге,
Құтты болсын бүгін болған ұлы күн!
Талай шәкірт ұшырдыңыз тер төгіп,
Білім беріп болашаққа ұмтылып.
Әрқашан да тілейтінім сіздерге,
Жүріңіздер ұстаз сіздер құлпырып!
Көтеретін ой мен биік сананы,
Қолтығынан демейтұғын баланы.
Ұстаз деген адал әппақ жан еді,
Әр баланың көңіл күйін табады.
Қиыны мен тер төгетін тұстар бар.
Алдымызда әлі талай қыс,жаз бар.
Шәкірт үшін аянбаған ешқашан.
Мерекеңіз құтты болсын ұстаздар!