Skip to content

Зейнет жасқа жетіп кепсіз зымырап, Бірақ қимыл әлі жастай шымыр…

Зейнет жасқа жетіп кепсіз зымырап,
Бірақ қимыл әлі жастай шымыр — ақ.
Еңбегіңіз зейнет болсын ендігі
Күндеріңіз мұң шалмасын қырындап.

Талай күндер төккен термен өткен күн,
Қуаныштың нәрі көктен сепкен күн.
Талай жылдар тағылымы толысып,
Еңбектен соң зейнет келіп жеткен күн.

Еленді еңбек қуанышты бәріміз,
Зейнет жаспен құлпырады сәніңіз.
Жалынды жас кейпін әлі сақтапсыз,
Қуанышқа ортақ кіші — кәріміз.

Осы жасқа жеткен де бар, жетпеген…
Жаратқанның нұры сізде көктеген.
Зейнет жастың бар қызығын көрсетсін,
Көңіл деген көркем кейіп көк дөнен.

Зейнет жас та құтты болсын, Апайым
Мына өмірде көрдің қиын талайын.
Қиын белдер артта қалып бақ келсін,
Қара шаштың ақ шалмасын самайын.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *