“Желідегі қауіпсіздік” тақырыбында флешмоб ұйымдастырылды.
Флешмобтың мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің цифрлық, физикалық және психологиялық қауіпсіздік мәселелеріне жауапты әрі саналы көзқарасын қалыптастыру, интернет кеңістігінде және күнделікті өмірде қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін дамыту, сондай-ақ бала-жасөспірім ортасында достық, сенім және өзара көмектесу құндылықтарын нығайту.
Міндеттері:
✓ оқушылардың цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру және интернет пен әлеуметтік желілерді пайдалануға байланысты қауіптер туралы хабардарлығын күшейту;
✓ балалар мен жасөспірімдерге онлайн ортада қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, жеке деректерін қорғау және интернеттегі қауіп-қатерлерді тану қабілетін дамыту;
✓ балаларды жағымды белсенділік түрлеріне тарту арқылы кибербуллингтің, интернетке тәуелділіктің және деструктивті онлайн ықпалдың алдын алу;
✓ цифрлық кеңістікте жауапты және этикалық қарым-қатынас мәдениетін дамыту;
✓ мектеп, ата-аналар және балалардың интернеттегі қауіпсіздігі мәселелері бойынша мамандар арасындағы ынтымақтастықты нығайту;
✓ оқушылар арасында достық, өзара құрмет және өзара көмектесу құндылықтарын қалыптастыруға ықпал ету – бұл қауіпсіз әрі үйлесімді қарым-қатынастың негізі.
#желідегіқауіпсіздік2025 #біртұтастәрбие2025
