🎀🎀🎀ЖЕТІСТІК🎀🎀🎀 Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен халық ойындарының VII тоғызқұмалақтан Мұнайлы аудандық іріктеу жарысында мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімі Отебаева Ақшархат Нұрлыбековна жүлделі 🥇-орынға ие болып, Жаңаөзен қаласына жолдама алды. Әріптесімізді құттықтай отыра, алдағы жарыста да жүлделі орынмен оралуға сәттілік тілейміз!
