Жоспар бойынша 7-8 сынып оқушыларына аудандық олимпиадаға қолдау көрсету мақсатында «Сенім – менің серігім» атты тренинг жаттығулары жүргізілді. Мақсаты: оқушылардың көңіл-күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу және олимпиада кезінде өзіне деген сенімділікті жоғалтпау. Тренингке барлығы – 18 оқушы қатысты. Тренинг барысында оқушылар өздерін еркін сезіне отырып, алдағы олимпиадаға жақсы көңіл – күймен дайын екендерін көрсете білді. Жүргізген мектеп педагог-психологы Сисенбаева Гаухар
